Композиторды еске алу күні: "Әнмен өрілген өмір"

        2017 жылдың 14  сәуірінде "Әнмен өрілген өмір"  атты  Н.Тілендиевті  еске  алу  іс-шарасы болып  өтті. 1998 жылы 15 қазанда әйгілі дирижер, күйші, Қазақ КСР-і және КСРО-ның халық артисі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиев өмірден озды. Осыған орай, музейде ашық есік күні жарияланып, келушілерге экскурсия жүргізілді, іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар, Н.Тілендиевтің жан жары Дариға Тілендікеліні, Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрінің әртістері Жүгінісов Құрмаш пен Буленова Салтанат өз кезегінде естеліктерімен бөлісті. Көрермендер Дариға Тілендікелініне композитордың жеке өмірі мен шығармашылығы туралы қызықтырған сұрақтарын қойып, кішігірім сұхбат-лекция болып өтті. Домбырашы Буленова Салтанат пен қобызшы Жүгінісов Құрмаш Нұрағаның тірі кезінен «Отырар сазы» оркестрінде қызмет істеп келе жатқан белді мүшелері ретінде Нұрағаның оркестрге сіңірген еңбегі жайлы әңгімелеп берді. Сондай-ақ,  кеш  барысында  «Отырар сазы»  оркестрі  Нұрағаның  ән-күйлерін орындады. Биыл әйгілі композитордың өмірден озғанына 19 жыл толуына орай жиналған Алматы жұрты, соның ішінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті студенттері мен  Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназия және №139 мектеп-гимназиясының оқушылары Н.Тілендиевтің халқына сіңірген ерен еңбегін еске алып, музей ұжымына өз алғыстарын білдірді.