Кездесу "Тәуелсіз елім, кең байтақ жерім"

22 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Н. Тілендиевтің мемориалды музейінде «Тәуелсіз елім, кең байтақ жерім» атты іс-шара аталып өтті. Музейдің құрметті қонағы ретінде ҚР Халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты Н. Нүсіпжанов шақырылды. Н. Тілендиев атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің сүйемелдеуімен патриоттық әндер айтылып, келген қонақтармен Нұрғали Нүсіпжанов өзінің ұстазы Нұрғиса Тілендиев жайлы өз ойымен және естеліктерімен бөлісті. Кеш барысында Н. Тілендиевтің күйлері тындалды.