Танымдық семинар"Өз елім"

12 желтоқсан «Өз елім» атты оқушыларға арналған  ҚР Тәуелсіздігіне арналған тақырыптық семинар өтті. Семинар барысында оқушыларға қызықты ақпараттар айтылып, патриоттық әндер шырқалды. Н. Тілендиевтің шығармашылығы насихатталып, музейде экскурсия жүргізілді. Н. Тілендиев атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің қобызшысы Сванбаева Гита оқушыларға атақты күйлерді ойнап, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады.