"Отан қорғау күні"

4 мамыр Сұртан-Ахмет Қожықов атындағы мамандандырылған №39 лицей оқушылары Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай музейімізге келіп, әскери-патриоттық тақырыптағы деректі фильмдер тамашалады. Іс-шараның өту барысында балаларға музей ішінде танымдық экскурсия жүргізіліп, Н. Тілендиевтің патриоттық бағыттағы әндері шырқалды.