"Астана - ару қалам" слайд-саяхаты

6 шілде Астана күніне арналған «Астана - ару қалам» атты слайд-саяхат болып өтті. Іс-шарада мектеп оқушылары Бас қаламыз – Астанада  өтіп жатқан ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы әзірленген видеоны тамашалап,  болашақ энергиясына байланысты өз ойларымен, оқып білген деректерімен бөлісті. Балалар шара соңында Н. Тілендиевтің күйлерін аудио арқылы тыңдап, жақсы көңіл күймен тарасты.