"Қобыз ойнап үйренейік"

21 желтоқсан «Қобыз ойнап үйренейік» атты оқушыларға арналған шеберлік сабақ өтті. Н. Тілендиев атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің қобызшысы Сванбаева Гита оқушыларға қобыз музыкалық аспабының шығу тарихын айтып, қобызда қалай ойнау керек екенін үйретіп, түсіндіріп берді. Сонымен қатар, оқушылардың музыкалық аспапта ойнау ынтасын оятып, жақсы әсер қалдырды.