Слайд-саяхат "Көк тудың желбірегені..."

Музейде «Көк тудың желбірегені...» деген атпен ҚР Мемлекеттік Рәміздеріне 25 жыл толуына орай слайд-саяхат шарасы болып өтті. Іс-шара барысында музейдің ғылыми қызметкері Шөкей Несіп ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы ақпараттық лекция оқыды. Содан кейін, студенттермен Мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиеті, маңызы жайлы талқыланып, студенттер арнайы дайындалған  видео-роликтерді тамашалады.