Шеберлік сағат

 

          7 қараша Н. Тілендиевтің мемориалды музейінде шеберлік сағаттар өткізілді.  Шеберлік сағатқа  №12 мектептің оқушылары мен студенттер қатысты. Шеберлік сағаттар домбырадан, қобыздан, дирижерлық бөлімінен ұйымдастырылды. Музейдің қызметкерлері композитордың күйлерін орындап, студенттер мен оқушыларға күй тартып, ән айтқызды. Шеберлік сағатының соңында экскурсия жүргізілді.