"Дара жол"

Н.Тілендиевтің мемориалды музейінде Төрткен Кененқызымен «Дара жол» атты кездесу өткізілді.  Кездесуде Қазақстан Республикасының Білім үздігі, ақын, дүлдүл әнші Кенен Әзірбаевтың қызы Төрткен Кененқызы қонақта болды. Әкесінің өмір жолын, тарихтағы орнын, музыка әлеміндегі рөлін мақтанышпен еске алды. Сонымен қатар, Төрткен Кененқызы ұлы композитор Н.Тілендиевке жиен қарындас болып келеді. Кездесу барысында композитордың ашылмаған қырларымен бөлісті. Кездесуге Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенттері қатысты. Студенттер Төрткен Кененқызына көкейде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Іс-шара барысында Кенен Әзірбаевтың «Көкшолақ», «Бозторғай» әндерін студенттер, Н.Тілендиевтің күйлері мен әндерін нақышына келтіріп орындады.