"Менің Елбасым"

30 қараша  Н.Тілендиевтің мемориалды музейінде ҚР тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Елбасым» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге  саяси ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология ғылымының директорының орынбасары Борбасов Сайын Молдағалиұлы,  тарих ғылымының докторы, профессор Төлекова Көкенқызы Мереке және Алматы музейлер бірлестігінің қызметкерлері, №12 мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Дөңгелек үстелде ашық форматта өткізілді. Келген қонақтарға қатысушылар толғандырып жүрген сұрақтарын қойылды. Елбасының жүргізіп жатқан сындарлы саясаттарына, Астананың көшірілу идеясы, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі реформалар, «Үш тұғырлы тіл», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы төңірегінде тақырып қозғалып, пікір алмастырылды.