ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.Тілендиевтің мемориалды музейіне арнайы келді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дархан Қамзабекұлы Мыңбай мен Бекболат Қанайұлы Тілеухан Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейіне арнайы келіп музейдің экспозициялық залдарымен және жұмысымен танысты. Музейдің құрметті қонақтарын Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендікеліні өзі қарсы алып экспозициялақ залдарда тұрған әрбір заттың тарихынан терең сыр шертті. Соңынан Дархан Қамзабекұлы мен Бекболат Қанайұлына естелік ретінде Дариға Тілендікеліні өзінің "Нұрғиса Тілендиев: Ғұмырнамалық деректі хикаят" атты кітабын сыйға тартты.