Секен Тұрысбековпен кездесу

Алматы қаласы күніне орай "Бәріне де өзің куә, Алматым!" тақырыбында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі күйші, композитор Тұрысбеков Секен Кәрімұлымен кездесу өтті. Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінің Халық әні және аспаптар бөлімінің студенттері Секен ағаның өмір жолы мен өнер жолынан ел естімеген қыр-сырымен танысып қайтты. Секен аға Нұрғиса Тілендиевпен жүздескен сәттері мен алдында шабытпен орындаған күйлерін еске алып, қызықтыра айтып берді. Секен Тұрысбековтың саусақтары тиген домбырадан көңілді толқытар әсем әуен тыңдарманды сезімге бөлемей қоймады.
Қазақтың төрінен домбыра түспесін!
Қала күнімен!