«Н. Тілендиевтің мемориалды музейі» мектеп жасындағы балаларға арналған шығармашылық сағатын ұйымдастырды

27 қаңтар 2017 жылы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың басталу қарсаңында «Н.Тілендиевтің мемориалды музейі» еліміз үшін маңызы жоғары іс-шараға ат салысу және насихаттау мақсатында«Универсиада бояулары» атты мектеп жасындағы балаларға арналған шығармашылық сағатын ұйымдастырды. С. Бегалин атындағы кітапхананың бүлдіршіндері Мың бояулы қаламызда алауы жағылып, жалауы желбіреген қысқы Универсиада ойындары туралы көркем ойларын ақ параққа өрнектеді. Жас жеткіншектерге музей экпозициясы бойынша экскурсия жүргізіліп, Сванбаева Гита қобызбен шығармалар орындап берді. Іс-шара соңында Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әнін» балалар мен ата-аналары қосыла шырқады.