Еске алу

 

«Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт!» деп, "Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым" деп өткен ғасыр жасаған, аңыз адам Жамбыл Жабаевтың музейіне ұжыммен келу сәті бүгін бұйырыпты. 15 қазан - атақты композитор, күйші, қазаққа қалған мол құнды мұраның авторы, Халық Қаһарманы НҰРҒИСА АТАБАЙҰЛЫ ТІЛЕНДИЕВТІҢ дүниеден өткен күні! Бала кездей зымырап өте шыққан Алла берген қысқа ғана ғұмырында мол қазынасын қалдырып үлгерді! Атамыздың топырақ бұйырған маңға барып, құран бағыштауды парыз санадық! Алла дұғамызды қабыл еткей! Аумин🤲