Музей түні

    18 мамыр 2017 жылы Алматы қаласы музейлер бірлестігінде жыл сайын өткізілетін Халықаралық музейлер күніне орай бүкіл әлемдік деңгейде ұйымдастырылатын «Музей түні» акциясы болып өтті. Н. Тілендиевтің мемориалды музейінде кешкі сағат 18.00 ден бастап «Қыз Жібек» фильмінің басты кейіпкерлері Ж. Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінің студенттері Сайлыбаев Арман Төлегеннің рөлін, Мағауин Рауан Шегенің және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті Мұратова Балжан Қыз Жібек рөлінде халықты музейде қарсы алып, интерактивті экскурсиялар жүргізді, Шеге күмбірлете күй шертіп, көрермендер домбыраның қоңыр үніне қанықты. Мерекелік  іс-шара барысында П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері, көптеген музыкалық байқаулардың жеңімпаздары Асан мен Зәуре Нарботаевтардың гитарамен сүйемелдеуімен әуенді отырыс болып, жастар Н. Тілендиевтің халыққа танымал «Сағындым ғой», «Куә бол», «Құстар әні», «Өз елім» сынды әндерін шырқады. Музейге келген жас жеткіншектерге «Сұрақ-Жауап» және «Кім жылдам» атты танымдық-логикалық, музыкалық ойындар ойнатылды, ойын барысында музей экспонаттары мен Н.Тілендиевтің шығармашылығына байланысты қызықты сұрақтар қойылды. Жеңімпаздарымыз музей атынан арнайы сыйлықтармен марапатталды. Келушілер қазақ эстрадасының жас жұлдыздары «Алау тобымен» жүздесіп, кішігірім кездесу концерт түрінде болып өткен отырыста «Алау» тобына шығармашылығы мен жеке өмірлері жайлы сұрақтар қойылып, жауап берілді, кездесу барысында «Алау тобы» «Welcome to Kazakhstan», «Жаным бол» атты әсем әндеріне қанықты. Сондай-ақ, Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА келген өнерлі студенттер Қазыкен Ұлас, Төлеби Әшіров пен Күмісбек Бауыржан домбырамен халық әндері «Гүлдерайым», «Сары бидай», «Ахау, керім» т.б. әуелете шырқап, дәстүрлі музыкалық ансамбль жанды дауыста Н.Тілендиевтің күйлері мен әндерінен музыкалық нөмірлер орындады. Іс-шараға мектеп оқушылары, студенттер және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Келушілер саны – 400 адам.

C:\Users\Admin\Desktop\Музей Тлендиева\Сайт 2017\IMG_0296.JPGC:\Users\Admin\Desktop\Музей Тлендиева\Сайт 2017\IMG_0235.JPGC:\Users\Admin\Desktop\Музей Тлендиева\Сайт 2017\IMG_0178.JPG